Қор нарығында доллар арзандап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 26 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,79 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431, 46 теңге болды.

Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 432,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 51 теңге, сатып алу –436, 24 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,12 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435, 76 теңге.


Соңғы жаңалықтар