Қор нарығында доллар арзандады

2023 жылғы 2 ақпан, 15:55
Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459, 92 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,87 теңге болды. Ресей валютасы 6,57 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459 теңге, сатып алу – 462,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459,5 теңгеден болса, сатып алу – 462,5 Ресей рублі 6,35 – 6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar