Қор нарығында доллар арзандады
2022 жылғы 4 шілде 16:07

Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 шілде кешімен салыстырғанда 1,81 теңгеге төмендеп, 1 доллар 464,16 теңге болды.

Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 466, 44 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 465, 19 теңге, сатып алу – 469,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 462 теңгеден болса, сатып алу құны – 466 теңге.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT