
04:38
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 25 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,98 тиынға теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 15 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 435, 20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 437,32 теңге, сатып алу – 438,50 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,31 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437,74 теңге.