Қор нарығында доллар арзандады
2022 жылғы 13 қаңтар 11:46

Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,39 тиынға теңгеге төмендеп, 1 доллар 433, 39 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 433, 78 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435,16 теңге, сатып алу – 436,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,50 теңге.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT