Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады
2022 жылғы 27 маусым 15:57

Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 маусым кешімен салыстырғанда 9,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 95 теңге болды. Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 458 теңге, сатып алу – 463 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 457 теңгеден болса, сатып алу құны – 460 теңге.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT