Қор нарығында доллар 476,18 теңге болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,18 теңге.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,27 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу – 477,5 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар