Қор нарығында доллар 426 теңгеден саудалануда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар тағы арзандады Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 ақпан кешімен салыстырғанда 1,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 426, 70 теңге болды. Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 428, 50 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427, 64 теңге, сатып алу – 429, 41 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,69 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429, 36 теңге.

Соңғы жаңалықтар