Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

2022 жылғы 1 шілде 15:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 3,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 44 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,50 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 8,88 теңге болды. Бұған дейін Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірген болатын.

Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары