Қор нарығында доллар 3,68 теңгеге қымбаттады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,68 теңгеге қымбаттады.

1 АҚШ долларының орташа бағамы – 433, 45 теңге.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 429, 45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 432,44 теңге, сатып алу – 436,78 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 434,08 теңге.


Соңғы жаңалықтар