Қор нарығында доллар 3,43 теңгеге қымбаттады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,43 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 481, 29 теңге.

Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 73 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 481,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 485,5 теңге.

Ресей рублі 7,45 - 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар