Қор нарығында доллар 2 теңгеге жуық қымбаттады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446, 65 теңге.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңге, сатып алу құны– 446,5 теңге.

Ресей рублі 5, 52 - 5, 62 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар