Қор нарығында доллар 2,83 теңгеге арзандады

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,83 теңгеге төмендеп, 1 доллар 472, 68 теңге болды.

Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 475, 51 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу – 476.

Ресей рублі 7,52- 7,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 4 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8, 20 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар