Қор нарығында доллар 1,74 теңгеге арзандады

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 479, 42 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 481, 29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 484 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу – 481

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,03 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар