Қор нарығында доллар 1,48 теңгеге арзандады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 77 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 464, 34 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 466 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466,5.
Ресей рублі 6,52 – 6,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 19 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,76 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар