Қор нарығында бір рубль 8 теңге маңайында саудалануда

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 89 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478
Ресей рублі 7,37- 7,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 29 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,21 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар