Қор биржасында доллар құны көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,48 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477 – 482 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 482 теңге аралығында құбылып тұр.

1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,48 теңгеге қымбаттап, 479,55 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,51 теңге.

Сондай-ақ айта кетейік, дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,20 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар