Қор биржасында бір доллар 449 теңгеден саудалануда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,36 тиынға қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 99 теңге.

Ұлттық банктің 13 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449, 74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 451, 41 теңге, сатып алу – 453, 90 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 451, 07 теңгеден болса, сатып алу құны – 454 теңге.


Соңғы жаңалықтар