Көптеген тексерулердің қысқаруы әкімшілік кедергілерді азайтып, шаруалардың қолын ұзартты - ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Г. Құрбанбаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көптеген тексерулердің қысқаруы әкімшілік кедергілерді азайтып, шаруалардың қолын ұзартты. Бүгін Алматыда ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева бизнесті жүргізуде кездесетін әкімшілік кедергілерді жоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарған ісі жайлы баяндады.

Нақтырақ айтқанда, 2015 жылдың қаңтарынан бастап ҚР кәсіпкерлікті жүргізуді жеңілдету үшін бірқатар заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа заң күшіне енген болатын.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен біріге отырып атқарған жұмысына кәсіпкерлікті жүргізуді жеңілдетудегі шешуші шаралар туралы заңнама дәлел бола алады. Жаңа заңнамамен жұмыс барысында 94 заң, 11 кодекске 1800-ден астам түзетулер енгізілді. Біз барынша бизнестің мүддесін қорғауға тырыстық. ҰҚП тарапынан 630 түзету ұсынылса, 450-і жүзеге асу үстінде. 152 түзету жаңа заңнан көрініс тапты», - деді ол.

Оның айтуынша, бірқатар тексерулердің қысқаруы әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің қолын ұзартты.

«Малдың қиына төленетін алымның қысқаруы есебінен 300 мың мал шаруашылығы 12 млрд. теңге үнемдеді. Сондай-ақ, жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуын өзгерту үшін жергілікті атқару органдарынан рұқсат алу алынып тасталды. Бұл да кәсіпкерлерге жарты млрд. теңге көлемінде әкімшілік шығынды үнемдеуіне мүмкіндік берді. Тіпті мөр қою міндеттілігі жойылғанының өзі 700 млн. теңге, ШОБ-ты тіркеу кезінде мемлекеттік пошлина мен нотариалды куәландырудың жойылуы жарты млрд. теңгенің үнемделуіне әкелді. Жалпы құжаттарды рәсімдеуге 1 жылда жұмсалатын 25 млрд. теңге енді ШОБ субьектілерінің қалтасында қалатын болды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар