Көптеген мемлекет цифрлық валюталарын сынақтан өткізуге кірісіп кетті- Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Бұл туралы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған бағыт – қаржы жүйесінің болашағына деген «футуристік» көзқарас қана емес, сондай-ақ жүзеге асыруға болатын жоба. Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Олардың қызметтері үшін экожүйе әзірленіп, құрылып жатыр. Біз институттарымызды жаңа жағдайларға бейімдеуге дайын болуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар