Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

2019 жылғы 18 мамыр 11:18 1593
Бөлісіңіз:
Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат құралдарына апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қарғысқа ұшырағандар қатарында емессіз бе- Өңірлік баспасөзге шолу Министр назарына: Еңбекке баулу пәні қайда? - Өңірлік баспасөзге шолу

«Көптеген адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды» -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR) 

15 мамырда Бейжіңде Азия мәдениетінің карнавалы ашылды. Іс-шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер қатысты. Азия мәдениеті карнавалының ашылу салтанатында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.  

«Бұл еліміз өткізген символдық мәнге ие халықаралық салтанатты шара.  Әлем халқының үштен екісі Азияда тұрып жатыр. Сол Азияда 1000-нан астам ұлт, 47 мемлекет, алуан түрлі өркениет формасы өзара тоғысып, жарасымды өмір сүруде. Бұл жолғы Азия мәдениетінің карнавалы -  түрлі тілде сөйлейтін ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағының айғағы іспетті...» деп жазды kazakcnr.com.

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу 

Сондай-ақ, аталаған ақпарат көзі осы карнавалда өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің Қытайда танымал болуы тыңдармандар назарын Қазақстанға аударды деп жазған. 

«Димаш арқылы көптеген адамдар Қазақстан туралы біле бастады. Ал қазақстандықтар Димаш арқылы қытайлық өнер жұлдыздарымен  танысты. Нәтижесінде екі ел мәдениеті жақындаса түсті» дейді Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Жазба авторы Димаштың орындауындағы әнге баға береді.

«Мына видеодағы әнді тамашаладыңыз ба? Қандай керемет дауыс! Асқақ әуен мен айрықша орындау шеберлігі тыңдаушыларын ғажап шаттыққа бөлейді. Бұл  Қазақстанның танымал өнер жұлдызы Димаш орындаған «Ұмытылмас күн» деген ән», деп түйіндейді қытайлық басылым.

 «Абай» спектаклі өзбек тілінде сөйледі - «ӨзА» ақпараттық агенттігі 

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу  

Өзбекстан Ұлттық академиялық драма театрының қоры тағы бір қазақ шығармасымен толықты.

14 мамыр күні Өзбек Ұлттық академиялық драма театрында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша сахналанған «Абай» спектаклінің премьерасы өтті, - деп жазаы Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Қазақтың жазда әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының шынайы өмірінен сыр шертетін ұлы шығарманы Қарақалпақстан өнер қайраткері Марат Азимов сахналаған. Абайдың рөлін Өзбекстанның халық әртісі Якуб Ахмедов сомдаған. Қазақшадан тәржімалаған Насыр Фазилов», - деп жазды өзбекстандық басылым.

Теһранда халықаралық Құран көрмесі ашылды -  «Фарс» ақпарат агенттігі 

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу 

27-ші халықаралық Құран Кәрім көрмесі сенбі күні «Құран - өмір мәні» деген ұранмен Теһранда ашылды.

Бұл туралы осы аптада Fars ақпарат агенттігі хабарлады.

27-ші Халықаралық Құран Кәрім көрмесінің басшысы Абдулхади Феқһизаде Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Индонезия, Түркия, Филиппин мен Тунис сияқты елдердің халықаралық бөлімге қатысып жатқанын айтқан.  

«Бұл көрмеге 10-нан аса елдің өкілдері келді. Басқа елдердің трансұлттық сипатқа ие 8 Құран зерттеу институты өздерінің еңбектері мен белсенділіктерін жұрт назарына ұсынды», -дейді Халықаралық Құран Кәрім көрмесінің басшысы А. Феһизаде.

Шыңжаңда тұңғыш рет тұз ерітіндісінен қалыптасқан карстті жер табылды - Тяньшаньнет

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу 

Шыңжаңның Байчың ауданынан  сирек кездесетін тұз ерітіндісінен қалыптасқан карст жер бедері табылды.

Карст, карстық құбылыстар (нем. Karst) - суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан -  доломиттерден, гипстен, тау тұзынан құрылған жерлерге тән рельефтің өзгеше формалары мен гидрологиялық режимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде орлар, шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суға ерігіш жыныстарда (сазды мергельде) «жалған карст» немесе саздық карст пайда болады.

Осындай сирек кездесетін тұз ерітіндісінен қалыптасқан карст жер бедедері Байчың ауданы қалашығының батыс солтүстігінен 23 километр қашықтықтан анықталды, - деп жазады «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.  

Бұл Шыңжаң өлкесінде тұңғыш рет байқалған ерекше табиғи тау жынысы екен.

«Мен геология қызметімен шұғылданған 30 жылда мұндай тұз ертіндісінен қалыптасқан карстті жер бедерін бірінші рет көріп отырмын. Бүкіл Қытай мемлекетінің  көлемінде де бұндай табиғи жыныстар  өте сирек кездеседі», - дейді Шыңжаң Кен істері мекемесінің бас инженері Фан Тиңбин.

Атақты суретшінің картинасы рекорд бағаға сатылды - TRT

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу 

Клод Моненің бір картинасы 110,7 миллион долларға сатылды.  Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия сайты хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, Француз импрессионизмінің негізін қалаушы, атақты суретші Клод Моненің бір картинасы 110,7 миллион долларға сатылған.

«BBC-дің хабарына қарағанда, Sotheby's аукцион үйі Нью-Йоркта суретшінің бір картинасын бәссаудаға салды.  1890 жылы салынған көркем сурет француз суретшінің туындысы үшін рекорд бағаға - 110,7 миллион долларға сатылды. Бірінші рет бір импрессионистік бір суретке 100 миллионнан астам көп ақша төленді.  Аукционда осы картинаны сатып алған кісінің аты-жөні жарияланбады. Моненің бұдан бұрынғы ең көп ақшаға сатылған картинасы «Nympheas en fleur» («Лалагүлді тоған») болатын.  Картина 2018 жылдың мамыр айында 84,7 миллион долларға сатылды» деп жазды түркиялық ақпарат көзі.

Ұлан-Батырда Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтеді - KAZNEWS

Көп адамдар Қазақстанды Димаш арқылы таныды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу 

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі моңғолиялық бизнес өкілдерін 2019 жылы 4-5 маусымда Ұлан-Батыр қаласында өтетін бизнес-форумға қатысуға шақырады, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.

Бизнес-форум  Ұлан-Батырдағы  Blue Sky Hotel атты қонақ үйдің «Diamond» залында өтеді.

Моңғоллиялық басылымның мәліметіне сүйенсек, шараның ұйымдастырушылары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы.

Сондай-ақ, шараның мақсаты - қазақ-моңғол кәсіпкерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

«Қазақстандық тараптан өңдеу өнеркәсібі, машинақұрастыру, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салалардағы ірі тауар өндірушілер қатысады деп күтілуде. Бұл моңғолиялық қана емес, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін өзара серіктестік орнатуда, ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынас құруға, екі елдің бір-бірінің нарығына жол ашуға орасан зор мүмкіндік болмақ» деп жазады kaznews.mn.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT