Көпшілік әлі күнге дейін вакцинаға күмәнмен қарайды – медицина маманы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавируске қарсы вакцина салдырған тұрғындар саны өсіп келеді. Өңірде 11 мыңға жуық адам екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солардың бірі - медицина саласының маманы Салтанат Қалмырзаева. Ол облыста алғашқылардың бірі болып вакцина салдырған еді.

«Қазір әлем елдері коронавирус індетімен қолдан келгенше күресіп жатыр. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіруде. Ал бұл кеселді жеңудің негізгі жолы - вакцина салдыру. Өкінішке қарай, көпшілік әлі күнге дейін вакцинаға күмәнмен қарайды. Мен медицина қызметкерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бір емес, екі компонентін де алдым. Бұл шешімді ерікті түрде қабылдадым. Одан кейін денсаулығымда ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ.

Айтайын дегенім, адам вакцина жасау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Сонда сіз екпе салдырып өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың әл-ауқатына қамқорлық жасасыз. Міне, коронавирус індетін жоюда осы ұжымдық иммунитет негізгі рөл атқарады. Сондықтан әрбір адам вакцина салдырып, сақтық шараларына көңіл бөлу қажет», - деді қала тұрғыны С. Қалмырзаева.

Айта кетйік, Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді.



Соңғы жаңалықтар