Көпшілік адам порталға қатысты ақпараттарды біле бермейді - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауруханаға жоспарлы түрде жатуы керек азаматтар порталға қойылған-қойылмағанын қалай тексеру керек екенін білмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауруханаға жоспарлы түрде жату үшін алдымен порталға тіркелу керек екенін көбі біледі, бірақ тұрғындардың арыз-шағымының 25%-ы порталмен байланысты. Мысалы, портал арқылы кезек күту уақыты ұзақ екендігіне, аймақтық немесе республикалық аурухана порталды жауып тастағанына, порталдың ашылмай тұрғанына, аурухана портал арқылы қабылдамайтынына қатысты шағымдар. Негізі статистика бойынша, портал арқылы күту уақыты 3 аптадан аспайды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру офисінің баспасөз хабарламасында.

Оның айтуынша, азаматтар порталға қойылған-қойылмағанын қалай тексеру керектігін білмейді.

«Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы аумағында www.bg.eisz.kz порталы жұмыс істейді. Бұл жерде сіз ЖСН, аты-жөніңіз бен тегіңізді енгізу арқылы ауруханаға жоспарлы түрде жатудың уақыты мен орнын, барлық аймақтық және республикалық ауруханалардағы күту парағын және толық ақпарат білу үшін әр аймақ бойынша байланыс нөмірлерін көре аласыз», - дейді баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, қазргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі egov.kz-пен бірігіп ауруханаға жоспарлы түрде жату уақыты мен орны туралы СМС-хабарламаны автоматты түрде жіберетін бағдарлама дайындап жатыр.


Соңғы жаңалықтар