Көппәтерлі үйлердің 90 пайыздан астамы басқарудың жаңа формасына көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Индустрия инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол басқарудың жаңа формасына көшкен көппәтерлі үйлер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда республика бойынша кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшуге жататын 46 522 көппәтерлі тұрғын үйдің 42 011-і басқару формасын өзгертті. Яғни, 90,4%-ы басқарудың жаңа формасына көшкен. Оның ішінде 4 109 көппәтерлі тұрғын үй мүлік иелері бірлестігіне, 37 902 көппәтерлі тұрғын үй жай серіктестікке өтті.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына жүз пайыз көшті», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, Бауыржан Қабдол Қазақстанда мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктерге көшу мерзімін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын еске салды.

Айта кетейік, Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдаған болатын. Соның аясында пәтер иелері кооперативтері тағы бір жыл жұмыс істейтін болған еді.


Соңғы жаңалықтар