Көппартиялы жүйеде басыңқы партияның болуы оңтайлы басқару үлгісіне айналатынын көрсетіп отыр - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Көптеген елдердің, оның ішінде азиялық құрлық елдерінің тәжірибесі көппартиялы жүйеде басыңқы партияның болуы саяси және экономикалық өзгерістерді бастан өткеріп жатқан кезеңдегі оңтайлы басқару үлгісіне айналатынын көрсетті.

Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Басқарушы партия біздің халқымыздың туындаған қажеттілігін уақытылы реттеп, дағдарыс жағдайында әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысады. Ал бүгінгі күнгі дағдарысқа қарсы шараларға келетін болсақ, Қазақстанда сыртқы жағымсыз факторларға үнқататын мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асуда.   Іскер белсенділікті сақтау мақсатында елімізде шағын және орта бизнеске салмақты қаржылық қолдау   жасалды. Дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған мемлекеттік қаржы бөлу ауқымы 19 млрд. долларды құрады немесе бұл ЖІӨ-нің 20 пайызына тең болды. Осындай шара сөзсіз әлемдік дағдарысты еңсеру үшін қуатты ынталандыру жұмысы болып табылады. Бөлінген қаражаттардың нақты қайтарымы  көптеген жобаларды жүзеге асыру, жұмыс орындарын сақтау ретінде көрініс тауып отыр», деген Сенат Төрағасы бұл бағытта «Нұр Отан» ХДП-ның атқарған жұмысы ерекше болғанын атап өтті. Қ. Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі таңда  «Нұр Отан» партиясы еліміздегі мүшелері ең көп саяси ұйым болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар