Көпқабатты үйдегі пәтер иелері жылу жүйесінен бас тарта ала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпқабатты үйдегі пәтер иелері өз қалауымен жылу жүйесінен бас тарта алмайды. «Ашық диалог» порталында азаматтардың сұрағына ҚР Энергетика министрі  осылай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Айта кетсек, Ирина Мұнарбаева есімді тұрғын ҚР Энергетика министріне сауал жолдаған.

««Адамдар тұрып жатқан көпқабатты үйдің бірінші қабатында дүкен бар. Ол дүкенде жылу энергиясын тасымалдаушының келісімінсіз жылыту радиаторы бұзылған. Менің қояйын деген сұрағым: көпқабатты үйдегі белгілі бір үйдің иелері өздігінен жылумен қамту қызметін өшіре ала ма? Жылыту жүйесі бұзылған көпқабатты үйлерге жылу энергиясы беріле ме?», - дейді ол.

Тұрғынның сұрағына жауап бере келе Қанат Бозымбаев бұл мәселе ҚР Энергетика министрінің 2014 жылы №211 бұйрығының 63-бөлігі 14-тармағында реттелгенін баян етеді.

«Оған сәйкес, тұтынушыға жауапты ұйымның, жергілікті атқарушы органға қарасты сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшесінің  рұқсатынсыз пәтерішілік желіні, инженерлік құрылғыларды қайта жарақтандыруға рұқсат берілмейді. Жылу жүйесі жұмысын күшейту үшін осындай шектеу бар. Осының негізінде пәтер немесе үй-жайдың иелері өз қалауымен жылу жүйесі қызметінен бас тарта алмайды. Ереженің 55-бөлігіне сәйкес тұтынушы өтінім берілген келісімдегі мөлшер мен коммерциялық есеп құрылғысының көрсеткіші негізінде жылумен қамтитын ұйыммен төлем құжатына сәйкес есептеседі. Ал коммерциялық есеп құрылғысы болмаған жағдайда тұтынушы мен жылуға жауапты ұйым Қазақстан Республикасының табиғи монополиясы саласындағы заңнамаға сәйкес есеп айырысады», - деп жауап берген Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар