Көпқабатты үйдегі өрт: Адамдарды аман алып шыққан ақтөбеліктер марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі көпқабатты үйден шыққан өрт кезінде тұрғындарға көмектескен жастар мен арнайы қызмет өкілдері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімдігі бүгін өрт кезінде тұрғындарды сыртқа алып шыққан еріктілер мен полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында Ақтөбе политехникалық колледжінің екі студенті бар. 18 жастағы Александр Тимошенко мен 19 жастағы Владимир Калмыков өрт сөндірушілер келгенше адамдарды сыртқа шығарды.
null

null null 

«Бізде ойланып тұратын уақыт болған жоқ. Подьездге кіріп, әр пәтердің есігін қақтық. Ата-аналар балаларын қолына ұстап, жүгірді. Ал қарияларды демеп, қолынан ұстадық. Түтін мықты болды, аяқ асты көрінбеді. Кейін үстіміздегі киімді шешіп, сулап, басымызға киіп кіруге тура келді. Ал өрт сөндірушілер келгенде кәсіби мамандарға тапсыруымызды сұрады»,- деді Александр Тимошенко. Әкімдік екі студентке алғыс хат пен 100 мың теңгенің сертификатын ұсынды.

Демалыста жүрген өрт сөндірушілер де өз міндетін бұлжытпай орындады.

«Өзім сол үйдің маңында қонақта отырдым. Үйден шыққан кезде аула ішіндегі түтінді көрдік. Жүгіріп барып, адамдарды шығара бастадық. Ол кезде өрт сөндіру қызметі келмеді. Техника жеткен кезде оларға бағыт беріп, жол сілтедік. Әрі қарай әріптестеріміз өз жұмысын атқарды»,- деді өрт сөндіру қызметі бөлімінің аға инженері Әділ Муфтаков. Сонымен қатар оның жанында өрт сөндіруші Қуантай Баймурзин болған. Бүгін әкімдікте өрт сөндірушілер Нұрболат Сүйеуов, Қанат Жәутіков, Еркін Отарбаев  та марапатталды. Жергілікті полиция қызметкерлері қатарында Алмат Сарин, Медет Қойтанов, учаскелік инспектор Арман Кушниязов бар.

«Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйде 69-пәтер жанды. Жалын көпқабатты үйдің балкондарына ауысты. Өрт кезінде 30 пәтер зақымдалды. Ал біреуі толығымен жанып кетті. Барлығы 47 адам құтқарылып, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қайғылы оқиға тіркелмеді. Өрттің жалпы аумағы 200 ш.м.құрап отыр. ІІБ-ның Сазды полиция бөлімі тергеуді бастады»,- деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемесі түні бойы жұмыс істеп, қара күйе болған үйдің қасбетін сырлап қойды. Пәтері өртке оранып, зақымданған тұрғындардың ешқайсысы әкімдіктен жатын орын сұрап келмеген. 

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбедегі 9 қабатты үй өртеніп, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Сондай-ақ, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. 

Соңғы жаңалықтар