Көпірден секірген қыздың құтқарылғандығы жайлы видео жарияланды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері көпірден секірген қыздың қалай құтқарылғандығы жайлы видеоны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары полиция капитаны Асхат Дабылдаев пен полиция лейтенанты Айбек Нұрмекенов Қапшағай көліне жас қыздың көпірден секірмек болғандығы жөнінде хабар алған.

«Әріптесіммен бірге бес минуттың ішінде оқиға орнына жеттік. Ақпарат расталды. Қыз бала тілдесуге құлық танытпады. Сабырға келместен суға секіріп кетті. Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған көмектесуге ұмтылды. Бойжеткен үнемі жылаумен болды. Ол не себепті мұндай әрекетке барғанын айтпады»,- деді құтқару операциясын баяндаған капитан Дабылдаев.

Сонымен қатар, полицейлер көпірден секірген қызға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізген.



Соңғы жаңалықтар