+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Көпірден секірген әйелді құтқарған оралдық әскери қызметші медальмен марапатталды

2021 жылғы 7 мамыр 07:50
Бөлісіңіз:
Көпірден секірген әйелді құтқарған оралдық әскери қызметші медальмен марапатталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Көпірден секірген әйелді құтқарған ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға сержант Асқар Нұрғалиев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды Алматыда субурқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы атынан Ұлттық ұлан қызметкеріне награданы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев салтанатты жағдайда табыс етті.

«Өз іс-әрекетімді ерлік деп есептемеймін. Менің орнымда болған кез келген адам солай етер еді. Сол сәтте қалай жүзіп барғаным да есімде жоқ, бар ойым әйелді құтқару еді. Оның үстінде қалың күрте болды. Қатты ағыспен алыса отырып, жағаға алып шықтым», деп еске алады Асқар Нұрғалиев.

Бұл оқиға өткен жылы 26 қазан күні болған еді. А.Нұрғалиев Шаған өзеніндегі көпірден секірген әйелді құтқарып қалған болатын.

Асқар 1983 жылы 5 шілдеде Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында дәрігерлер отбасында дүниеге келді. Әкесі Темірболат өмір бойы ауылдағы ауруханада хирург, анасы Гүлбаһрам терапевт дәрігер ретінде еңбек етті.

Асқар отбасындағы төрт баланың екіншісі еді. Інісі Абылайханға қамқор болды. Апасы Данагүл ата-ана жолын қуып, дәрігер болса, қарындасы Құралай ауылдағы мектепте мұғалім. Абылайхан – бүгінде кәсіпкер.

Бала жасынан әскери қызметкер болуды армандағанымен, бастапқыда 12 жылдан астам уақыт бойы мұнай компаниясында қызмет етті. 2005 жылы 5517-әскери бөліміне 1-атқыштар ротасында бақылаушы қызметіне келісімшартпен орналасты. Мінсіз қызмет етуі арқасында 2018 жылы осы ротада бақылаушылар жасағының бастығы болып тағайындалды.

Асқар өзіне өмірлік серік болатын жар да таңдай білді. 2004 жылы Гүлмайданмен танысып, бір жылдан соң отау тікті. Қазір олар Ұлан, Шәкәрім, Әлихан, Дінмұхамед есімді төрт ұлды тәрбиелеп отыр. Гүлмайдан қалаға жақын орналасқан Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектебінде мұғалім болып еңбек етеді.

«Бұдан былай да Ұлттық ұлан қатарындағы қызметімді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді жұмсай беретін боламын», дейді Асқар Нұрғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын көпірден секірген әйелді құтқарған әскери қызметшіні БҚО әкімі қабылдағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ жуырда Оралда аспалы көпірден секіріп кеткен жас қызды да екі жігіт құтқарып қалды.

Қазіргі таңда Оралда жоғалып кеткен 15 жасар қыз іздестіріліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT