Копенгагеннің сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

None
None
КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат - Дания астанасындағы Fields сауда орталығында атыс салдарынан бірнеше адам мерт болды. Жарақат алғандар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Копенгаген полициясы жедел бөлімінің басшысы Сёрен Томассен мәлім етті.

Күдікті ұсталды. Ол - 22 жастағы Дания азаматы. Полиция теракт нұсқасын да жоққа шығармайды.

Мэрия зардап шеккендердің нақты саны әлі нақтыланып жатқанын айтты. Қаладағы ауруханалар жоғары дайындық режиміне көшті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, алғашқы оқ атылған кезде 100-ден астам адам сауда орталығынан шықпақ болып жүгірген.

Оқиға орнында полиция операциясы жалғасып жатыр. Сондай-ақ билік қала тұрғындарына туыстарымен байланысуды сұрайды.

Король үйі Данияның тақ мұрагері мен премьер-министрі қатысуы тиіс Тур де Франстың алғашқы үш кезеңінің аяқталуына арналған мерекелік іс-шараның тоқтатылғанын хабарлады.



Фото: ru.euronews.com
Соңғы жаңалықтар