Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары театрға тегін кіреді – СҚО әкімі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін театр қойылымдарын тамашалау тегін болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ҚР халық әртісі Людмила Турпаян-Ванюкованы 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. 53 жыл сахна төрінде жүрген актриса осы аралықта 150-ден астам рөлді сомдаған. Әкім мерейтой иесіне денсаулық, қызықты рөлдер мен көрермендердің сүйіспеншілігін тілей отыра жақсы жаңалықпен бөлісті. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.⠀

«Осындай тұлғалардың арқасында театр өнері өшпей, адамгершілік пен рухани тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек. Біз жастарды театрларға тартуымыз керек. Сондықтан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін театрға келуді ақысыз етуге шешім қабылдадық», - деп атап өткен Құмар Ақсақалов өз жазбасында.

СҚО әкімінің бастамасымен 2018 жылдан бері өңірдегі музейлерге кіру тегін.

Қазір Петропавлда – 5, облыс бойынша 9 музей бар.

«2018 жылдың наурызынан бастап аймақ басшысының шешімімен музейлерге кіру тегін болды. Нәтижесінде келушілер саны екі есе артты. «Абылайхан резиденциясы» музей кешені СҚО-ның сакралды картасына енген. Облысқа, Петропавлға келген қонақтар нысанға бас сұқпай кетпейді. Бірер күн бұрын Түркиядан келген қонақтарды қабылдадық. Мектептермен тығыз байланыс орнатылған, ашық сабақтар өтіп тұрады», - дейді «Абылайхан резиденциясы» музей кешені директорының орынбасары Әсемгүл Қыдыбекова.


Соңғы жаңалықтар