Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы табысы 3 күнкөріс минимумынан төмен көпбалалы отбасылардың балаларына Астана қаласының ЖОО-ларда оқу үшін жекелеген гранттар бөлінетін болады. Бұл - қосымша 25 млн теңге. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қажет етілетін жұмысшы мамандығын алу үшін қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Білім алу барысында жатақхана беріліп, жол жүру мен тамақ тегін болады, шәкіртақы төленеді», - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала басшысы елорданың жоғары оқу орындарын бітірген түлектер Жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алатындығын айтты.

«Бұл ретте мансап жолында одан ары өсу үшін қажетті жұмыс тәжірибесін алатын болады. Ал Бизнестің жол картасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, қажетті барлық кеңестерді ала аласыздар және жеңілдікті несиені субсидиялау бағдарламасына қатысуға мүмкіншілік бар», - деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар