Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылды

2019 жылғы 4 мамыр 14:40 802
Бөлісіңіз:
Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылады. Аталмыш жүйенің шарттары туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Текеліде кәсіпкерлер көпбалалы анаға үй сыйлады Жетісайда көпбалалы 145 отбасыға азық-түлік таратылды

Баспасөз мәліметтеріне қарағнда, жеңілдікпен несиелендіру аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған.

М. Жайымбетов атап өткендей, қаржы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы үш жыл бойы 50 млрд теңгеден бөлініп отыратын болады. Барлығы 18 мың займ бөлінеді.

«Үш айналым болады деп жоспарлап отырмыз. Сонда 25 жыл ішінде 56 мың займ бөлінеді. 56 мың займ - бұл тиісінше, 56 мың пәтер. Пайыздық мөлшерлемесі - 2%. Несиелендіру мерзімі -20 жыл. Бастапқы жарнасы -10%. 18 мың займға 150 млрд теңге бөлінді», -  деді Комитет төрағасы.

Оның айтуынша,  2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 487 мың адам тұрды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 220 мыңға жуық адам бар. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар - 28 126 адам. І тоқсанда олардың саны 3 мың адамға артты. Қазір бұл кезекте 31 700 астам адам тұр.

«7 жыл бойы жыл сайын әкімдікте кезекте тұрғандар үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй салынады. Жыл сайын 6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көпбалалы аналар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және «Батыр ана» атағын алғандар үшін жеке кезек болады. Олар жалға берілетін тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына ие», - деді М. Жайымбетов.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу құқығын беретін тұрғын үй сертификатын енгізу жоспарланған.

«Біз қазір тұрғын үй сертификаты бойынша ережелерді әзірлеп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар арқылы 5 жыл ішінде 85 млрд тг бөлінеді. Әрбір әкімдік өз мүмкіндігінше қаражат бөледі. Егер бұған дейін осындай қаражат дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер үшін «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары бойынша бөлінсе, енді көпбалалы, толық емес және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілсін деген ұсыныс бар», - деп түйіндеді Комитет төрағасы.

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT