Көпбалалы отбасыларға қосымша 2,5 млрд теңге бөлінбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қалада көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы бюджет аясындағы шараларды іске асыруға 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алдағы аптада бюджет нақтыланып, біз қосымша 8 шараны енгіземіз және осы орайда тағы да 2,5 млрд теңге бөлінбек», - деді Б. Сұлтанов елордадағы көпбалалы аналармен өткен кездесуде.

Сонымен қатар, ол осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Биыл 8 ақпаннан бастап қалада тұрғындармен 60-қа жуық кездесу өткізілді. 8 мыңнан астам осы кездесулерге қатысты. Елордада 10 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, оның ішінде 3,5 мыңнан астамы аз қамтылған», - деді әкім.

Б. Сұлтанов елорда әкімдігінде көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетудің 13 кешенді шарасы әзірленіп, іске қосылғанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін еорда әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті.

Сонымен қатар, шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.

Соңғы жаңалықтар