Көпбалалы отбасылардың коммуналдық шығынын қайта қарау керек - Бауыржан Байбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдау шараларына қатысты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында әкім көпбалалы аналардың коммуналдық қызмет төлемдерінің өтемақысын ұлғайтуды тапсырды.

«Көпбалалы отбасының өзекті проблемаларының бірі - коммуналдық қызметке ақы төлеу. Қалада қолдау көрсету бойынша түрлі төлемдердің кең ауқымы қалыптасқан. Дегенмен, көпбалалы отбасыларға көрсетілетін түрлі өтемақылар көлемін тағы бір қарап шығып, олардың үйлеріне орнатылатын ыстық және суық су есептегіштерге кететін шығындарды да назарға алған жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, бүгін Алматы әкімі көпбалалы отбасыларға заңнамалық және психологиялық кеңестер, реабилитациялық көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталығын құру керектігін айтты. Бұл - бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық, осы арқылы көпбалалы аналар жұмысқа орналаса алады.

Бұдан өзге, мегаполис басшысы 4 және одан көп баласы бар отбасылардың тұрғын үй алу үшін төленетін алғашқы жарнасының төлемін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар