Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға Павлодар облысында 235,5 млн теңге бөлінеді

2019 жылғы 15 маусым 07:38 812
Бөлісіңіз:
Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға Павлодар облысында 235,5 млн теңге бөлінеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 235,5 млн теңге бөлу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев елордада көпбалалы аналармен кездесті 2% ипотеканың артық төлемі қандай болады

«Екібастұз және Ақсу қалаларында 14 тұрғын үйдің құрылысы басталды. остық және Сарыарқа шағын аудандарында бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылысы үшін жобалық құжаттама әзірленді. Сондай-ақ, Павлодарда адам тұрмайтын ғимараттар қалпына келтіріледі. Аймақ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын сақтау үшін спортты дамытуға 1 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде 780,6 млн теңге Павлодар қаласында солтүстік өндірістік аумақта спорттық құрылыстарға инженерлік коммуникацияларды тарту үшін және футбол мен хоккейді дамытуға 191,2 млн теңге  бағытталады», - деді облыстық мәслихаттың сессиясында Өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.


Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға Павлодар облысында 235,5 млн теңге бөлінеді
Бұдан басқа, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамту үшін қосымша 330 млн теңге қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді орта құру және жарымжан жандар мен егде жастағы адамдар үшін паллиативті көмекті кеңейту туралы сұрақтар қолдау тапқан.


Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға Павлодар облысында 235,5 млн теңге бөлінеді
«Жыл басында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында шаралар қабылданды. Бұл санаттағы оқушылардың бір бөлігі  тегін тамақтанумен қамтылған болса, енді тағы 1500-ден астам оқушы қосылады. Биыл Екібастұз және Ақсу қалаларында 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазіргі таңда   «Нұрлы Ертіс» бағдарламасын жүзеге асыру қолдау тапқаны белгілі. Жұмыс күші артық және Нұр-Сұлтан қалаларынан көпбалалы отбасылар қоныс аударады. Облыс орталығында адам тұрмайтын ғимараттар пәтер ретінде қалыпқа келтіріледі. Қалқаман, Солнечный кентіндегі және аудан орталықтарындағы аяқталмаған құрылыстар соңына жеткізіледі», - деп атап өтті облыс әкімі Болат Бақауов.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT