01.06.2023 16:25 Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осныдай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.06.2023 16:10 Мейірімге, махаббатқа бөленіп өскен бала бауырмал болады – көпбалалы ана АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтың жібін үзбей, отбасындағы әкенің рөлін, беделін үнемі жоғары қойып, ананың табанында жаннат барын балаларына күндіз-түні айтудан шаршамаған, әр перзентіне ерекше көңіл бөлетін отбасылардың бірі Алматыда тұрады. 43 жастағы көпбалалы ана Мәулеш Үйпалақова ҚазАқпарат тілшісінің бала тәрбиесіне қатысты бірқатар сауалына жауап берді.
25.05.2023 14:43 Алтай Көлгінов көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту ұсынысына жауап берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:47 Мәжіліс депутаты: Бізге әлеуметтік тұрғын үйді көбірек салу керек АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Jibek Joly арнасының Мәжіліс ғимаратынан жүргізген тікелей эфирі кезінде әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салу керек деген пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.04.2023 10:25 Шілдеден бастап 7 және одан көп бала тапқан аналардың жәрдемақысы өседі АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.04.2023 03:39 Жамбылда биыл тағы 106 үй асарлатып салынып, мұқтаждарға беріледі ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаждар үшін 106 тұрғын үйдің құрылысы жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.04.2023 09:38 Атаулы әлеуметтік көмек алған 94 мың отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 94 142 отбасы 2022 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 15:40 Алтын және күміс алқалы аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.02.2023 12:01 Балқашта көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Балқаш қаласында кезекте тұрған көпбалалы 6 отбасы пәтер алды. Жаңа тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.02.2023 12:00 Цифрлық карта 80 критерий бойынша отбасының әл-ауқатын анықтайды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да өткен көшпелі кеңесте «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.01.2023 14:08 Көпбалалы және жалғызбасты аналар NEET санатына жатқызылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде NEET санатына жататын жастардың деректер базасы қайта қаралды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.01.2023 20:33 Көпбалалы аналар мен қандастардың мүддесін қорғайтын уәкіл институты құрылмақ АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанынан әлеуметтік тұрғыда осал саналатын топтың құқықтарын қорғаумен айналысатын уәкіл институты құрылмақшы. «Ашық НҚА» порталында Мемлекет басшысының жарлық жобасы жарияланды, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.01.2023 11:01 Қазақстанда 1,2 млн адам мемлекеттен тұрақты жәрдемақы алып отыр АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,2 млн адам жалпы сомасы шамамен 441 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.01.2023 10:12 Биылдан бастап әлеуметтік топтаманың орнына әр балаға 5 175 теңгеден төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.01.2023 16:33 Алтай Көлгінов өзі жайлы тараған ақпаратты жоққа шығарды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов елорда әкімі болған кезде көпбалалы аналармен бір-ақ рет кездесті деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.12.2022 03:10 Елімізде бір отбасына төленетін жәрдемақы - 20 мың мен 805 мың теңгенің арасында АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.12.2022 02:34 Түркістан облысында көпбалалы отбасына ауылдастары үй алып берді ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары көпбалалы отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 12:54 «Бақытты отбасы» бағдарламасына 20 млрд теңге бөлінеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен жеңілдетілген несие беру үшін 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 20:24 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» жәрдемақысы автоматты түрде тағайындала бастайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы автоматты түрде тағайындалмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.12.2022 20:56 Астанада Тәуелсіздік күніне орай мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 1 мыңға жуық мұқтаж жанға азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.