Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады? Бұл сауалға БҒМ балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ең алдымен білім мекемесінің бірінші басшысының атына өтініш жазу керек.

Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама мына санаттағы отбасы балаларына беріледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасынан шыққан балаларға;

- мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жолдама беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазғы уақытта 11 мыңнан астам мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион немесе 500 000-ға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады»,- дейді балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.



Соңғы жаңалықтар