Көпбалалы анаға пәтер сыйлаған тараздық есімін атамауды сұрады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жергілікті меценат көпбалалы жалғызбасты ана Гүлмира Мырзахметоваға екі бөлмелі пәтердің тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес баланың анасы Гүлмира Асылқызы қыс ауасында тосынсый жасап, жаңа жылы пәтер сыйлаған іскер азаматқа алғысын айтуда.

«Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне, Аллаға шүкір, баспаналы болдық, бұл күнге де жеттік. Барша тілектес болған жандарға және ең бастысы - күннің суығында басымызға жылы баспана сыйлаған ағамызға Алла тағала разы болсын, денсаулығы мықты, өмір-жасы ұзақ боп, бала-шағасының қызығын көрсін», - деді қуаныш иесі.

Айта кетейік, көпбалалы анаға қайырымдылық танытып, қуаныш сыйлаған азамат өз есімін атамауды сұрап, «Жақсылықты жария қылмай жасағысы» келетінін жеткізіпті.

Соңғы жаңалықтар