+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Көпбалалы ана Жамбыл облысында тігін шеберханасын ашты

2019 жылғы 3 қараша 13:27
Бөлісіңіз:
Көпбалалы ана Жамбыл облысында тігін шеберханасын ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін (АӘК) әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Аида Ақылбекова жеті бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы ана мемлекет тарапынан қолдау болу керек, бірақ үнемі әлеуметтік көмек алғанша, өз бизнесінің болғаны жақсы деп есептейді.

«Менің ойымша, өмірде кез-келген мамандық қажет болуы мүмкін, сондықтан 25 жасымнан бастап құрылысшы-монтажшыдан аспазшы мамандығына дейін түрлі курстарда оқыдым. Қолымнан барлық дерлік нәрсе келеді деп батыл айта аламын. Үйде жөндеу жұмыстарын да жасай аламын, шашты да әдемілеп қысқарта аламын, асты да дәмді пісіремін. АӘК алғаннан кейін қысқа мерзімді курстарда тігінші мамандығын алдым. Қазір ұлттық стильде көрпе тігу мүлде қиын емес. Мемлекеттік грант бойынша алған ақшаға тігін машинасын, үтік, үтіктеу тақтасы мен ас пісіретін кәсіби пеш сатып алдым. Қазір жаңа туған нәрестелерге арналған киім тігу бойынша тапсырыстар қабылдаймын. Қыста мектеп асханаларына арнап түрлі тоқаштар пісіруді жоспарлап отырмын. Өз бизнесімді амалсыздан үйде жүргізіп келемін, себебі кенже балам әлі кішкентай», – деп көпбалалы бизнесвумен.

Жамбыл облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, Аида Ақылбековаға ай сайын 163 мың 826 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 965 мың 912 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өңір бойынша АӘК барлығы 35 мың 497 отбасына тағайындалды, оған 14,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалды.


«Бүгінгі таңда 1 мың 535 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 51 адам жеке ісін ашты, 164 адам біліктілігін арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді, 879 адам қоғамдық жұмыстарға, 242 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 63 адам жастар практикасына жіберілді», – деп хабарлады өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы тоғыз айда АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн адамға тағайындалды. АӘК орташа мөлшері бір адамға 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін өсті. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Ағымдағы жылы АӘК-ке 206,2 млрд теңге қарастырылған, оның 146,4 млрд теңгесі төленді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.

«Ең басты принцип – мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT