+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Көп жағдайда 30-49 жас аралығындағы ер адамдар жоғалады- зерттеу

2020 жылғы 21 қаңтар 11:45
Бөлісіңіз:
Көп жағдайда 30-49 жас аралығындағы ер адамдар жоғалады- зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар. Ең көп хабар-ошарсыз жоғалғандар Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). 30-49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе жиі ер адамдар (76%) жоғалады», - делінген Комитет хабарламасында .

Таратылған мәліметке қарағанда, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан кеткендер – 36.

«Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Айта кетейік, Қазақстанда іздеу салуды ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдары, экономикалық тергеу жүргізу, мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері жүзеге асырады. Барлық іздеу істерін тіркеу, сонымен қатар мемлекетаралық ақпараттар банкімен өзара байланыс жасауды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT