Көп қызметкері вакцина алған ұйымдарға келуші санын көбейтуге рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызметкерлерінің 80 пайызын вакциналаған Ashyq жүйесіндегі кәсіпорындарға қабылдайтын адам санын көбейтуге рұқсат беріледі. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлерін вакциналау мерзімі 10 тамызға дейін шегерілгенін білесіздер. Осы шара вакцинация динамикасына оң әсер етті. Бизнес жалпы бұл шараның қажеттігін түсінеді. Басында өте қысқа мерзім берілген болатын. 10 тамызға қарай санитарлық дәрігерлермен бірге тағы пысықтаймыз деп ойлаймын. Өйткені әзірге апта сайын 7-8 пайыз өсім бар екенін көріп отырмыз. Ashyq жүйесіне енгген бизнес нысандарындағы вакциналаудың орташа деңгейі 30 пайыздан басталып, 47-50 пайызға дейін барады», - деді палата басшысы.

«Атамекен» өкілі 2 тамызда күшіне енетін Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы Ashyq жүйесінде адал жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталғанын атады.

«Кім жауапкершілікті түсініп, өз қызметкерлері мен келушілердің қауіпсіздігіне жауаптылықпен қараса, оларға ынталандыру берілуі керек. 80 пайыздан астам қызметкері вакцина алса, бұрын Ashyq бойынша 30 пайыз жүктеліммен жұмыс істеп жүрген нысанға қосымша 20 пайыз жүктелімге рұқсат беріледі. Ashyq жүйесінде келушілерді тәртіпке сай қарсы алып, вакцинация көрсеткішін жақсартқандардың жұмыс уақыты ұзартылады. Осылайша біз күштеп емес, ынталандыру арқылы көрсеткішке қол жеткіземіз», - деді Абылай Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар