Көп қабатты үйлердің жертөлесінде ашылатын дүкендердің басым бөлігі заңсыз - тұрғын үй инспекциясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлиxан Қуатбеков ПИК-тердің қызметі жайында баяндап, көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі дүкендердің көп жағдайда заңсыз ашылатынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инспекция басшысы заңсыз дүкендер болмас үшін кондоминимумды ертерек тіркеуге кеңес беріп отыр. "Кондоминимум дегеніміз не? Сол үйге иелік етіп отырған тұрғындардың құқықтарын қамтамасыз ету деген сөз. Негізі, үйдің жобасы бойынша жертөлелер немесе теxникалық қабаттарда орналасқан сан алуан нысандар санитарлық-эпидемилогиялық талаптарға сәйкес келсе, құрылыс-сәулет басқармасына өтініш беру арқылы оның мақсатын ауыстыруға болады. Өкінішке қарай, бүгінде көпқабатты үйлердің астыңғы қабаттарында рұқсатсыз, тек КСК-мен ғана келісіп алып, өздерінің жеке кәсіптерін ашып жатқан жағдайлар аз емес. Бірақ ондай әрекеттер заңсыз болып саналады", - деді Ә.Қуатбеков ҚазАқпарат тілшісінің берген сұрағына.

Оның айтуынша, тұрғын үй инспекциясы заңсыз дүкендерді тексере алмайды. Дегенмен, үйдің тұрғындары өз арыз-шағымдарын сәулет-құрылыс басқармасына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметіне бере алады. Аталған органдар тиісті шараларды қолданады.

Ал тұрғын үй инспекциясы өз кезегінде ПИК-тердің қаржылық есеп беруін қадағалай алады. Бүгінгі заңнамаға сәйкес, пәтер иеленушілер кооперативі, я болмаса, қызмет көрсетуші компания әрбір тоқсан сайын тұрғындардың алдында қаржыны жұмсау бойынша есеп беруі тиіс. Ол міндет орындалмаса, айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар