Қөп қабатты үй шығындары үшін пәтер иелері төлейтін қаражат қайда жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көп қабатты тұрғын үйлерді ұстау үшін пәтер иелері төлеген қаражатты басқару органдары иемденеді және қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы ашық есеп бермейді.

Бұл туралы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры Мәдина Мурсакина Астанада өткен «ТКШ-ЭКСПО 2017» халықаралық форумында хабарлады.

«Ақшаның қалай жұмсалатыны туралы ашық ақпарат жоқ. Мәселен, бір кооператив 9 үйді ұстап отыр. Яғни, кооператив - бір ғана есепшоты бар заңды тұлға. Барлық пәтер иелері пайдалану жарналарын бір есепшотқа төлейді. Ал кооператив бір үйдің қаражатын екінші үйдің қажеттіліктеріне жұмсайды. Сондықтан пәтер иелері ақшамыз қайда кетті деп дау шығарады. Одан бөлек, пәтер иелері кооперативтерінің басым бөлігі қызмет көрсету үшін келісімшарт бекітпейді, яғни әлі күнге дейін сантехниктер мен аула сыпырушыларды штатта ұстап отыр. Қаражаттың басым бөлігі олардың жалақысына кетеді», - деді ол.
null

Мәдина Мурсакина қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында тұрғын үй қорын басқарудың 4 түрі көрсетілгенін еске салды.

Олар - 20 пәтерге дейін өзін-өзі бірлесіп басқару, пәтер иелерінің коопреативі, басқару компаниясы және өзге де басқару түрлері.

М.Мурсакинаның айтуынша, дәл осы басқарудың көптүрлілігі көп қабатты үйлерді тиімді басқаруға мүмкіндік бермей отыр. Әсіресе, басқарушы компанияларды пәтер иелері таңдай алмайды. Мәселен, Астананың ірі құрылыс компаниялары үйді пайдалануға берерде басқарушы ретінде үлестес компаниясын тағайындап кетеді және тұрғындар мен басқарушы компания арасында бірқатар мәселе туындайды.

«Әрине, бұл да амалсыздан жасалған шара, себебі пәтердің барлығы бір мезетте сатылып кетпейді. Бұл норманы да сарапшылар жіті қарастыратын болады. Үйді құрылыс компанияларының үлестес компанияларының басқаруы да жөн шығар, бірақ белгілі бір мерзімге ғана басқаруға берілуі керек. Одан кейін пәтер иелері жиналып, өз басқару органын құру мәселесін талқылауы қажет», - деп өз сөзін түйіндеді М.Мурсакина.

Соңғы жаңалықтар