Көп балалы ана: Мемлекет басшысының несиеге байланысты Жарлығы қатты қуантты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында тіршілік кешіп жатқан көп балалы ана Самал Жарова бүгін қол қойылған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі Жарлығына байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл біз үшін күтпеген жаңалық болды, сол себепті басында қалай қабылдарымызды да білмей қалдық. Мұндай өзгерістерге өте қуаныштымыз. Біздің де несиеміз бар, төленбеген аз бөлігі қалды», - деді ол. Оның ойынша, тұрғындар арасындағы әлеуметтік ауыртпалықты төмендетуге септігін тигізетін аталмыш шара дер кезінде қабылданды.

С.Жарова бұдаз өзге де игі өзгерістер болып жатқанын атап өтті. «Әрқашан бәрінің жақсы болатынына сенгің келеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болатынына сенеміз. Біз тұратын Қосшы кентінде жолдар жөнделіп, жарық пен су құбырлары орнатыла бастады», - деді С.Жарова.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықта ҚР Үкіметіне екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары өтеу бойынша біржолғы шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Аталған қарыздар бойынша борышкерлер: көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар