Қоңырөлең мен Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 00 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 241 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10,5. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Жетісу облысының Қоңырөлең кентінде – 2-3 балл, Жаркентте 2 балл қуатпен сезілген.


Соңғы жаңалықтар