Қоңыр үнді домбыра қалай жасалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлттық аспабы - домбыраны жасау технологиясы күрделі жұмыс. Ата бабамыздан келе жатқан технология бір болғанымен, кәсіби мамандар әр домбыраның үнінен кімнің қолынан шыққанын анық аңғаруға болады дейді.

1 шілде - Ұлттық домбыра күні қарсаңында осы аспап жасаумен 30 жылдан бері айналысып келе жатқан белгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловтан нағыз қоңыр үнді домбыра жасау құпиясын сұрадық.

Жолаушы Әбілғазыұлының қолынан шыққан аспаптар қазір еліміздің белгілі күйшілері, әншілері, жыршы-термешілерінің қолында күмбірлеп жүр.

Оның айтуынша, нағыз домбыра жасалатын материалына тікелей байланысты екен.

Домбыра жасау үшін қарағай, шырша, қайың, тораңғыт, емен, эбен, қызыл ағаш, тұт ағашы пайдаланылады.

Бұл ағаштар міндетті түрде күнге қақталып кебуі керек.

nullnullnull
ағаштарды кептіру

«Ағаш толық кеппесе, жасалған соң өзінің формасын жоғалтады. Үнде фальш пайда болуы мүмкін. Жақсы домбыралардың материалы кем дегенде 5 жыл кебуі тиіс», - деді Жолаушы Тұрдығұлов.

Материал дайын болған соң ағаштар арнайы арамен кесіледі, жонылып формасы келеді.

nullағаш кесу

Кесілген тақтайшалар арнайы пеште ыстық температураның әсерімен иіледі. Иілген тақтайшалар болашақта домбыраның шанағына құралады.

nullағашты ию

Домбыра екі түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып  жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

nullnull

Маманның айтуынша, аса қанық қоңыр үн ойылып жасалған домбыралардан шығады.

«Қазір нағыз күй өнерлерінің мэтрлері ойылып жасалған домбыраға тапсырыс береді. Өйткені, ата-бабамыздан қалған қанық қоңыр үн сондай домбырадан шығады. Қандай эксперимент жасаса да кәсіби домбырашылар ойылған домбыраға қайтып келе жатыр», - деді Жолаушы Әбілғазыұлы.

Сонымен қатар, ойылып жасалған домбыраны жасау өте күрделі. Жұмыс процесінде сынып қалса да қайтадан бастауға тура келеді. Ал құрама домбыра жасау процесі одан оңайырақ.

nullnull

Шебердің айтуынша, домбыраның үнінің тазалығы қақпағының жабылуына тікелей байланысты екен.

Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.

Қақпақтың көлемі неғұрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ оның, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек. Қақпақтың үні жақсы болса - тембрі жұмсақ, ал үні жоғары болса - тембрі ащы болады.

«Дыбыстың тербелісі, үні, ұзақтығы қақпаққа тікелей байланысты. Қақпақтар шырша ағашынан жасалады. Себебі шырша ең акустикалық материал болып табылады», - деді Жолаушы Тұрдығұлов.

null 

Шебер 30 жылдық тәжірибесінде ең дәстүрлі қоңыр үн шегі малдың ішегінен тартылатын домбырада екеніне толық көзін жеткізген.

«Малдың ішегінен жасалған шектер ұзаққа шыдамайды. Оларды жиі ауыстырып отыру керек. Бір қойдың аш ішегінен 2-3 домбыраның шегін жасауға болады. Малды сойған соң аш ішекті тұз қосылған суық суға салып қою керек. Сосын оны жақсылап тазалау керек. Ішіндегі қырындылар тазарып, мөп-мөлдір болуы тиіс. Сосын оны ұршыққа салып иіреді. Иірілген ішекті бағандарға керіп қояды да, әрқайсысына 70, 100, 150 граммдық жүк қояды. Сонда ішек белгілі бір диаметрге созылады. Домбыраға негізінен өте жіңішкесі қойылады. ондай шекті алу үшін максималды ауыр жүк қойылады. егер шектің әр жерінде диаметр бірдей болмаса, дыбыс бұзылады», - деді Жолаушы.

nullnull

Алайда қойдың ішегінен жасалған домбыраларда нағыз таза дәстүрлі қоңыр үн сақталады. Мұндай ішектермен біздің бұрынғы шеберлеріміз жұмыс істеген.

Осыған байланысты белгілі шебер Қазақстанда ет комбинатының жанынан ішек өңдейтін цех ашылса деген арманымен бөлісті.

«Қойдың аш ішегін қазір ешкім жемейді. Оны босқа лақтырып тастайды. Ал сол комбинаттардың қасынан шағын ғана цех ашса, малдың ішегі босқа ысырап болмас еді. Әрі домбыра жасау индустриясына қажетті шикізат болады», - деді Жолаушы Тұрдығұлов.

Көбіне домбыраны тұт ағашы, қызыл ағаш, эбен, қайың, полисандр, тораңғыл, қылқанды ағаштардан жасайды.

Домбыра толық құралған соң әрлеу жұмыстары басталады. Аспаптың сәнін келтіру үшін арнайы трафареттермен ою-өрнек салынады.

null null

Ондай технологиялардың бірін 1994 жылы Жолаушы Әбілғазыұлы өзі шығарған. Бұл технологияны шеберлер қазір барынша қолданады.

Мәселен, шебер малдың сүйегін ұнтақтап, оны желімге араластырып, ақ өрнек салады. Сосын аспаптың беті лакталып, түрлі боялармен қанықтырылады.

nullnull


Орта есеппен Жолаушы Тұрдығұлұлы жылына 3-4 авторлық домбыра жасайды.

Қазір белгілі шебердің қолынан шыққан домбыралар Бекболат Тілеухановтың, Мақпал Жүнісованың, Жанар Айжанованың, Майра Ілиясованың, Әбділхамит Райымбергеновтің, Қайрат Байбосыновтың, Айгүл Үлкенбаеваның, Асылбек Еңсеповтің, Музарт ансамблінің, Секен Тұрысбековтің қолдарында күмбірлеп жүр.

Сонымен қатар, Жолаушы Тұрдығұлов жасаған саз аспаптары Германия, Жапония, Қытай, Моңғолия, ТМД елдерінен кездестіруге болады. Соның ішінде Америкада ашылған әлем музыка аспаптарының музейінде Жолаушының екі домбырасы тұр.

Соңғы жаңалықтар