+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Контрабандашылар «сұр импортты» Қытайдан Қырғызстан арқылы әкелуге тырысуда - МКК

2019 жылғы 22 шілде 13:18
Бөлісіңіз:
Контрабандашылар «сұр импортты» Қытайдан Қырғызстан арқылы әкелуге тырысуда - МКК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Контрабанда мен заңсыз сауда схемалары Еуразиялық мемлекеттер үшін ортақ түйткілге айналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағашта шекарадағы кеден қызметін жандандыру мәселесі талқыланды Ақтөбеде он жыл бұрын жабылған Өзбекстанмен шекара бекеті ашылады ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіретін құжат жетілдірілді

ЕАЭО ережелері бойынша барлық қатысушылардың кедендік алымдары ортақ қорға жиналады және тепе-тең негізде бөлінеді. Сондықтан ҚХР-дан келген контрабанда проблемасын елемеуге болмайды.

Қазақстанға өнімді әкелу үшін контрабандашылар түрлі схемалар ойлап табады. Олардың бірі-Қырғызстан арқылы ЕАЭО аумағына кіру. Бұл жерде қазіргі заманғы техникамен және инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталмаған өткізу пункттері «сұр импорт» үшін мүмкіндік береді. Құжаттарда мәлімденген деректерге сәйкес келмейтін тауар Қырғызстан арқылы жасырын түрде тасымалданады. Тауарлар жоқ алушылардың атына жіберілген жағдайлар тіркелген. Қырғызстан тарапынан тасымалданатын жүктерді талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жоқ алушылардың атына тауар әкелудің 1,8 мың фактісі анықталды. Олар бойынша шығындар 1 млрд теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап Қырғыз Республикасымен өткізу пункттерінде бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекарасында бақылау іс-шаралары жол бойында жүргізіледі. Ілеспе жүк құжаттары нақты орны ауыстырылатын жүкпен мұқият салыстырылып тексеріледі.

Осылайша, Қазақстан өзін «сұр импорт» пен контрабандадан қорғайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT