Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жылпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Кандидатураларды палата төрағасы ұсынады. Осы орайда Сенаттан Конституциялық Соттың судьялары қызметі Ерлан Сәрсембаевтың, Асан Ескендіровтің және Айгүл Қыдырбаеваның кандидатураларын ұсынамын. Ұсынылған кандидатуралар алдын ала Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланды», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған адамдарды Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынысты қолдады.

Осы орайда олар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қызметіне кіріседі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалған еді.
Соңғы жаңалықтар