Конституциялық сотқа көбінде қай өңірдің азаматтары шағымданады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге дейін Конституциялық сотқа 2021 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, қазір 319 өтініш қаралып жатыр.

Конституциялық іс жүргізуге 12 өтініш қабылданды, тағы 32 өтінішті судьялар алдын ала зерделеу үстінде.

Өтініш берушілер негізінен сот шешімімен келіспеу – 44%, нормативтік құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 23%, ақпаратқа қол жеткізу – 3,6%, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру – 2,3%, қылмыстық-атқару жүйесі - 1,5% және өзге де мәселелер бойынша жүгінген.

Осы аралықта азаматтардың өтініші бойынша төрт нормативтік қаулы шықты.

Атап айтқанда, Конституциялық сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның жекелеген нормаларын Конституциялық сот Конституцияға сай деп таныды.

Өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарынан келіп түсті.


Соңғы жаңалықтар